Консультацияға тапсырыс беру
+7 707 931 5161

Мекен-жай: Шымкент қаласы, «Дау Мед» клиникасы, Абай көшесі №6
Қалалық телефон: +7 7252 350707, +7 7252 351212
Ұялы телефон: +7 701 175 02 27, +7 707 931 51 61,
E-Mail: bai.kuan@mail.ru

Instagram: @dr.baimakhanov

Неге адамдар мені таңдайды?

Жоғары дәрежелі біліктілік
Құпиялылыққа кепілдік береміз
14 жыл кәсіби тәжірибе
Қол жетімді бағалар
Жазба бойынша қабылдау

Дәл қазір консультацияға жазылыңыз

 

Емдеу әдістері

1. Медикаментозды, дәрі-дәрмектермен емдеу.

2. Аз жарақатты оталар:
— латексті байлау
— дезартеризациялау
— мукопексия, муколифтинг.

3. Хирургиялық емдеу тәсілдері:
(когда удаляется ткань геморроидального узла)

— Геморройға қатысты- Миллиган-Морган, Паркс, Фергюсон оталары жасалады.
Жыланкөздерге жасалатын оталардың атауы: Габриель, Рыжих 1,2,

4. Лазермен жасалатын оталар

— лазерлі вапоризация, LHP ота
— FiLaC- жыланкөздерді лазермен жасау отасы
— жарықтарды лазермен күйдіру

Біздің YouTube каналымызға өтіңіз

Сіздердің назарларыңызға геморройды анықтауға арналған қысқаша тест ұсынамыз:

  1. Тік ішектегі қышу немесе ашу сезімдері мазалай ма?
  2. Үлкен дәретке шықсаңызда тік ішектегі
  3. Үлкен дәретпен қан шыққанын байқадыңыз ба?
  4. Аяқтарыңызда, шат аймағында көк тамырлардың кеңейгені байқала ма?
  5. Іш қату мазалай ма?
  6. Дәретханад а 5 минуттан артық отырасыз ба?
  7. Үлкен дәрет кезінде тік ішек аузында ісіктер мен түйіндер байқадыңыз ба?
  8. Үлкен дәреттің тұрақсыздығы, іш өту мазалай ма?

Егер осы сұрақтардың екеуі мазалайтын болса, геморройдың болу қаупі жоғары.

Сондықтан ұялмай, қысылмай, ертерек проктолог дәрігеріне қаралу керек.

Тік ішек ауруларын өз бетінше емдеу, халық емдерін қолдану, тәуіпке бару сияқты әдістерді қолданбаңыздар!!! Бұл ем түрлері геморройды емдеуге қауқарсыз!!! Алтын уақыттарыңызды жоғалтпаңыздар!!! Проктолог дәрігеріне баруды кейінге қалдырмаңыздар!!!

 

Мамандану

Колопроктологияның өзекті мәселелері:
• Тітіркенетін ішек синдромын емдеу
• Жаралы колитті емдеу
Амбулаториялық проктология:
• Геморройды хирургиялық емес емдеу, барлық кезеңдері
• Парапроктитті және әртүрлі локализация фистулалары минималды инвазивті емдеу.
• Анальды жарықтарды хирургиялық емес емдеу
• Тік ішек полиптерін алу
• Перианальды пластика
Оперативті колопроктология:
• Геморроидэктомия
• Тік ішектің жыланкөздерін кесу және жабу
• Созылмалы анальды жарықтарды кесу
• Полиптерді, кондиломдарды, папилломаларды және т. б. жою
• EКК, кисталарын жою (эпителиальды-коксикальды киста)

СЕРТИФИКАТТАР

Дәл қазір консультацияға жазылыңыз

Проктологиялық орталық тік ішектің келесі ауруларын емдейді:

Көтеу

Геморрой (геморрой грек тілінен аударғанда қан және ағу деген сөздерден құралған)- аналь каналының көк тамырлары, яғни веналарының кеңейуі.
4 сатысы болады, және сатысына қарай емдеу тәсілі таңдалады. .
Емдеу тәсілдері: .
1). Дәрі-дәрмекпен емдеу. .
2). Аз жарақатты немесе аз инвазиялы ем түрлері: .
Лазерлі вапоризация және геморроидопластика, геморроидальды түйіндерді байлау яғни лигирование. .
3). Хирургиялық емдеу түрлері: ашық және жабық геморроидэктомия, Миллиган-Морган 1 және 2 модификациясы т.б. .

Жедел және созылмалы аналь каналының жарықтары

- бұл жарықтардың пайда болу себебі, үлкен дәреттің қатуынан немесе жиі өтуінен пайда болады.
Емдеу әдістері:
- Медикаментозды ем немесе дәрі-дәрмекпен емдеу, тек жедел жарық кезінде қолданылады, және ол 95% дейін жазылып кетеді.
- жарықты лазермен күйдіру – бұл әдіс созылмалы жарықтарда қолданылады.

Парапроктит

-бұл тік ішектің май қабаттарының іріңдеуі. Шығу себептері аналь бездерінің қабынуы, көтеу, жарықтар, басқа да тік және тоқ ішектің қабыну аурулары.
Түрлері:
- Жедел парапроктит.
- Созылмалы парапроктит немесе екінші атауы тік ішек жыланкөздері.
Іріңнің таралған жеріне байланысты, әр түрлі әдістер қолданылады.

Эпителиальды - құйымшақ жолы

(синонимдері: құйымшақ безі, шаш кистасы, пилоидальды киста және тағы басқа) –бұл туа пайда болған, құйымшақ сүйегінің үстінде орналасқан киста, яғни без. Ол жиі іріңдейді, және көбіне сыздауық, яғни фурункул деп емделеді.
Емдеу тәсілдері: кистаның мөлшеріне байланысты лазермен күйдіру немесе кистаны алып тастау әдістері қолданылады.

Ректоцеле

-бұл, тік ішек қабырғасының қынап аумағына енуімен сипатталатын ауру, яғни қынап пен тік ішекті бөліп тұрған бұлшық еттердің ажырап қалтаның пайда болуы. Ең көп кездесетін шағым үлкен дәреттің толық шықпауы немесе қолмен басып шығару.
Ректоцеленің і сатысында ота жасалады. Ол - қынап пластикасы және леваторосфинктеропластика, яғни бұлшықеттерді пластикасы, қайта жалғау.

Аналь каналының қышуы

—бұл көптеген аурулардың симптомы, яғни белгісі болып есептеледі. Пациентті толыққанды тексеріп, себебі табылғаннан кейін, ем тағаындалады.

Тік ішектің қатерсіз ісіктері

Оларға папилома, полиптер, фиброма, липома және тағы басқалары жатады. Негізгі емі қатерлі ісікке айналмай тұрғанда лазермен күйдіру.

Кондилома –бұл жұқпалы вирусты ауру.

Аналь каналына және айналасына сүйел тәріздес өсінділер пайда болады. Емі- кондиломаларды күйдіру және вирусқа қарсы ем тағайындалады.